Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Алматы қаласы, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша филиалдардың жаңа директорлары тағайындалды.
ӘМСҚ-да бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Басқарма төрағасының бұйрығымен Ілияс Мұхамеджан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Ол 2021 жылдан Қор басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасын басқарған.
«Ілияс Тұңғышқанұлының 19 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде 15 жылдан астам басшылық лауазымдарда қызмет еткен. Алматы қаласында ТМККК және МӘМС аясында саны бойынша көп медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Филиалдың жұмысын сапалы ұйымдастыру қажет», - деп атап өтті филиал ұжымына директорды таныстыру кезінде Әбілқайыр Сқақов.
Сондай-ақ, ротация тәртібімен бұрын Атырау филиалын басқарған Байтолла Ғазизов Қордың Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Жалпы 31 жылдан астам жұмыс өтілі бар, оның ішінде 30 жылдан астам басшылық лауазымдарда қызмет етті. Байтолла Закаряевичтің де медициналық мамандығы бар, экономика және бизнес магистрі.
Меритократия қағидаты бойынша бұрын Жетісу облысы бойынша филиал директорының орынбасары қызметін атқарған Ганиет Сәлемғали Атырау облысына ауысты. Оның қаржы бакалавры және магистрі дәрежесі бар. Жалпы жұмыс өтілі 7 жыл, оның ішінде Қор құрылымында – 3 жыл.
Әбілқайыр Сқақов атап өткендей, барлық тағайындаулар Қорда жұмыс істейтін қызметкерлер қатарынан жүргізілді, бұнда кадр резерві бар.
ӘМСҚ басшысы жаңа тағайындалған басшыларға алдағы қызметіне табыс тіледі және филиалдар қызметінің негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде олардың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын Алматы қаласы бойынша филиалын басқарған Тілеухан Әбілдаев ротация аясында Алматы облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды, ал Маңғыстау облысы бойынша филиалын Түркістан облысы бойынша филиалының бұрынғы директоры Нұрлан Қыдырбаев тізгіндеді.

17.06.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026